Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылында дәрігерлер баспаналы болды

Биыл Кішкенекөлдегі медицина мамандарына дәрігер үйі қолданысқа берілді. Оған ауданға келген мамандар қоныстанды,деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Уәлиханов ауданында негізгі мәселелердің бірі медициналық кадрлардың жетіспеушілігі. Өткен жылы Кішкенекөл ауылында 250 орынға арналған емхана құрылысы басталды. Жоба құны-3,3 млрд. теңге. Бүгінгі таңда нысан 25%-ға салынды. Жоспар бойынша жұмыс биылғы жылдың шілдесінде аяқталады.
Бұл пәтерге қоныстанған жандардың қатарында Саят Әміржанов та бар. Жас маман Кішкенекөлге «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 2019 жылы көшіп келген. Ол Семей медициналық университетін тәмамдаған. Саят қазір Уәлиханов аудандық ауруханасының терапия бөлімшесінің меңгерушісі болып жұмыс істейді.

Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылында дәрігерлер баспаналы болды
«Бізге дәрігерлер үйінен бір пәтер табыс етті. Бұл үй тек медицина қызметкерлеріне арналған. Өте қатты қуаныштымыз.Қазіргі таңда біз пәтердің ішін тазалап, жиһаздарды орнатып жатырмыз»,-дейді Саят Әміржанов.

Қазіргі таңда бұл тұрғын үй Уәлиханов аудандық ауруханасының баланысында тұр. Тұрығындар тек комуналдық қызметтер үшін төлем жасайды. Былтыр ауданға барлығы 16 медицина маманы келген. Алайда, қазіргі таңда аймаққа кардиолог, жалпы тәжірибелік дәрігер, лор, хирург, офтальмолог және акушер сияқты мамандар қажет.

Тағы оқыңыз:СҚО-да есірткіні заңсыз сатқан азамат 10 жылға сотталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x