Биыл облыста еліктерді заңсыз атудың 11 фактісі тіркелген. 4 елік атқан Ғабит Мүсірепов ауданының тұрғыны мемлекетке 4,5 млн теңге шығын келтіргені үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап.

СҚО-да бұғы, марал, доңыз мекендейді. Жылдың басында жүргізілген соңғы санақ бойынша өңірде 18 мыңға жуық сібір елігі бар. Қысқа қарай олардың саны артады. СҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Олег Беспаловтың айтуынша, жылдың осы мезгілінде өңірге Ресейдің көрші облыстарынан еліктердің миграциясы басталады. Оның бір себебі – көбеюіне байланысты жемшөп және жайлы жер іздеп аууы. Десек те, бұл жануарларды рұқсатсыз атуға қатаң тыйым  салынған.

Былтыр еліктерді заңсыз атуға қатысты 14 дерек тіркелді. Көбінің бас бостандығы шектелді. Біреуі келтірген шығынға байланысты 7 жылға түрмеге отырғызылды. Биыл осындай 11 факті анықталды. 4 елік атқан Ғабит Мүсірепов ауданының тұрғыны мемлекетке 4,5 млн теңге шығын келтіргені үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Қызылжар ауданының екі тұрғыны бір елік атып, екі жылға сотталды. Олар енді келтірген шығынның орнын да толтырады», – дейді Олег Беспалов.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x