[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.18.0″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» custom_padding=»13px|||||» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/c7f31b8f-2bc3-4cd8-8cf8-4b10fe828fc2-2.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Солтүстік Қазақстан облысында елді мекендердің 83% тұрақты бағытта автобуспен қамтылған. Тасымалдаушылар билет құнын өсіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсат Баяхметтің айтуынша, бүгінгі таңда өңірде 123 автобус бағыты бар. Оның 19-ы – қалаішілік. 100-ден артық тұрғыны бар 443 елді мекен болса, соның 371-іне автобус қатынайды. Былтыр 19 ауылға қоғамдық көлік жүре бастады. Қалған ауылдарға автобус жіберу тиімсіз, бұл – жанар-жағармайдың, қосалқы бөлшектердің қымбаттауымен және жол ақысының арзан болуына байланысты. Сонымен қатар, өткен жылы облыс ішінде жүретін 43 бағыт субсидияланып, осы мақсатқа 802,5 млн теңге бөлінді. Бір жыл ішінде 567 мыңнан астам жолаушы тасымалданған, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 225% көп.

“Биыл 46 автобустық бағытқа 361 млн теңге субсидия бөлінді, әлі 566 млн теңге керек. Халықты тұрақты автобус маршруттарымен қамту мақсатында облыс әкімдігі 2017 жылдан бастап әлеуметтік маңызы бар бағыттарға қызмет көрсететін тасымалдаушылардың шығынын өтеп жатыр, бүгінгі таңда 371 ауылдың тұрғындары әлеуметтік маңызы бар тариф бойынша жүреді. Алайда, осы аралықта тасымалдаушылардың шығыны 2-3 есеге ұлғайды. Мысалы, дизель отыны 130 теңгеден 260 теңгеге дейін қымбаттады, бензин бағасы өсті, сондай-ақ автобустардың өзі 2017 жылмен салыстырғанда 3 есеге қымбаттады», – дейді СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсат Баяхмет.

Жолаушы тасымалдаушылар әр километр үшін тарифті 2 теңгеге қымбаттатуды сұрап отыр. Осылайша жаңа әлеуметтік маңызы бар бағыттарды ашуға мүмкіндік бермек. Жалпы бүгінгі күні тарифті өсіру бойынша қаулы жобасы дайын. Құжат эксперттік кеңестен өтіп, СҚО қоғамдық кеңесінің қолдауына ие болды. Қазіргі уақытта облыстық мәслихат депутаттарының келісімі күтілуде.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x