СҚО-да екі адамды соғып өлтірген жүргізуші бес жылға сотталды

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында мас күйде көлік жүргізіп, екі адамды соғып, оқиға орнынан қашып кеткен азаматқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qazastan Media тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, оқиға былтыр 5 тамыз күні түнгі сағат 23:30 шамасында М. Жұмабаев ауданында болған еді. Toyota Land Cruiser 100 автокөлігінің жүргізушісі тас жолда келе жатқан екі адамды қағып кетіп, кейін Audi-80 маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Салдарынан жарақат алған екі адам оқиға орнында қайтыс болды. Ал кінәлі жүргізуші қылмыстық жауапкершіліктен құтылу мақсатында оқиға орнынан қашып кеткен еді. Сот отырысында сотталушы сотқа прокурормен процессуалдық келісім жасау мүмкіндігін беру туралы өтінішпен жүгінді. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 613-бабына сәйкес мұндай келісімді жасасудың міндетті шарты жәбірленушілердің келісімі болып табылады. Осылайша, прокурор мен сотталушы арасында іс жүргізу келісімі жасалды. Шарт бойынша сотталушы жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлемді төлеуге және іс жүргізу шығындарын өтеуге міндеттелді. Қорғаушы тарап іс жүргізу келісімі мен прокурор сұраған жазаны қолдады. Іс жүргізу келісімінің барлық шартының сақталуын, сот тараптардың пікірін ескере отырып, айыпталушыға 5 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Одан бөлек, 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Тағы оқыңыз:СҚО-да 1,5 тонна қызанақтан вирус анықталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x