СҚО-да диқандардың шығынан мемлекет өтеп бермек

Солтүстікқазақстандық диқандар бидайды мемлекетке сатпақ. Үшінші сыныпты бидайдың тоннасын мемлекет 120 мың теңгеге сатып алуға әзір. Бұл туралы облыс әкімі орталық коммуникациялар қызметінде өткен бриингте айтты, деп хабарлады Qazaqstan Media.

Биыл диқандар үшін ауа райы қолайлы болмады. Ол астықтың сапасына әсер етіп,  бағасы құнсызданған. Сондықтан диқандардың шығындарын жабу үшін мемлекет өз бағаларын ұсынып, бидайды сатып алмақ.

«Үшінші классты бидай 50 пайыз болып шықты. Оны мемлекет тоннасын 120 мың теңгеден сатып алмақ. Ал 4 сыныпты бидайдың бағасын тоннасына105 мың деп отыр. Ал 4 сыныптан төмен бидайдың бағасын мемлекет 90 мың теңгеден қойып отыр. Айта кету керек, бидайды нарықтағы бағасы әлдеқайда төмен», – деді Ғауез Нұрмұханбетов.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 500-ден астам елді мекен интернетпен қамтылған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x