СҚО-да бюджет қаражатын игере алмаған шенеуніктер ескерту алды

Солтүстік Қазақстанда бюджет қаражатын игере алмаған әкімдер мен басқарма басшылары өңір жетекшісі Ғауез Нұрмұханбетовтен ескерту алды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өңір жетекшісі республикалық бюджеттен бөлінетін қыруар қаржыны игере алмай, көрсеткішті кері тартып отырған шенеуніктерді сынады. СҚО қаржы басқармасының басшысы Наталья Дышканттың айтуынша, облыстық бюджеттің шығыстары 98,9 пайызға атқарылған. Биыл игерілмеген қаражат көлемі – 1,6 миллиард теңгені құрады. Ал республикалық бюджет пен Ұлттық қордан бөлінген қаржының тек 96,8 пайызы орындалған. Игерілмеген қаржы сомасы – 1,2 млрд теңгеге шақ.  

СҚО-да бюджет қаражатын игере алмаған шенеуніктер ескерту алды

«Қаражатты игере алмай отырғандар тізімін Петропавл қаласы бастаған. Мұнда 1 млрд 593 млн теңге игерілмей қалды. Уәлиханов ауданы 488,5 млн, Шал ақын ауданы 419,3 млн, Қызылжар ауданы 256,4 млн, Мамлют ауданы 252,3 млн теңгені іске асыра алмаған. Ал ведомстволар арасында 223,7 млн теңгемен білім басқармасы көш бастап тұр. Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылыс басқармасы 211,8 млн,  табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы 145,3 млн теңгені игере алмады», – деді Наталья Дышкант.

Әрине, көрсеткіштер көңіл көншітпейді. Сондықтан жоғарыда аталған қала және аудан әкімдері мен басқарма басшыларына ескерту жасаған өңір жетекшісі мұндай олқылықтарға жол бермеу керектігін ескертті.

СҚО-да бюджет қаражатын игере алмаған шенеуніктер ескерту алды

«Кей облыстар республикалық бюджеттен ақша ала алмай отыр. Ал біз болсақ, берілген қаржыны игере алмай жатырмыз. Бұл іске жауапты әкімдер мен басқарма басшыларының жұмысқа салғырт қарағандығының айқын көрінісі деп білемін. Қаржы бөлінісімен-ақ шаруаға кірісу керек. Бірақ біздер уақытты созып жүріп аламыз. Сосын жыл соңында қозғала бастаймыз. Ал одан не шығатынын өздеріңіз де көріп отырсыздар. 11 айдағы көрсеткіштер осындай. Сондықтан әлі уақыт бар. Жағдайды реттеу қажет», – деді облыстық әкімдіктің отырысында Ғауез Нұрмұханбетов.

Тағы оқыңыз: СҚО-да сылтау айтып келген әкімдер сынға қалды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x