СҚО-да биыл 6 автокөлік өртенді

Соңғы уақытта облыста автокөліктердің өртенуі жиіледі. Тек жыл басынан облыс аумағында 6 өрт тіркелген. Ал өткен жылы 76 техника отқа оранған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавлдағы Володаровский көшесіндегі аулада тұрған Toyota Camry маркалы автомобильде өрт шықты. Оқиға орнына өрт сөндірушілер дереу жетіп, жалынды өшіруге күш салды. Мамандардың айтуынша, көліктің толық жанып кетуіне небәрі 10-15 минут қана керек. Сондықтан неғұрлым жылдам қимылдап, жалынның жайылуына жол бермеу қажет. Сондықтан көлікте өрт сөндіргіштің болуы маңызды. Жалпы техникада өрттің шығуына көліктің қозғалтқыш бөлігіндегі сымдардың қысқа тұйықталуы себеп.

Тағы оқыңыз:СҚО-да қалааралық маршруттарды субсидиялауға 850 млн теңге бөлінді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x