СҚО-да ауыл тұрғыны полицейді басынан ұрып жіберген

СҚО-да мейрамханада төбелес шығарған жас жігіт шақыртуға келген полиция қызметкерін бастан ұрып жіберген. Енді ауыл тұрғыны 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

20 қазан күні кешке қарай Ақжар ауданының полиция бөліміне ауылдардың біріндегі мейрамханаға келген азаматтардың бірі төбелес шығарды деген қоңырау келіп түсті. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары  23 жастағы жергілікті тұрғынды тыныштандырмақ болған кезде ол жанжал шығарып, тіпті полиция қызметкерлерінің біріне соққы жасаған.  

«Полиция қызметкерлері оның қолына кісен салуға мәжбүр болды. Медициналық куәландыру жас жігіттің масаң күйде екендігін көрсетті. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Баптың санкциясына сәйкес 4 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не 1 мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не 2 жылдан 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген», – дейді аудандық ПБ бастығы Еркін Махметов.

Бұдан бөлек, оның үстінен ҚР ҚК 293-бабы бойынша да іс қозғалды. Яғни, ауыл тұрғыны мейрамханада бұзақылық жасағаны үшін де жауап береді. 

Тағы оқыңыз: Кішкенекөлде әскери-патриоттық кездесу өтті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x