СҚО-да аудандық әкімдік екі жылдан бері бөгет салу үшін құжат дайындай алмай келеді

Облыстық әкімдіктің отырысында көктемгі су тасқынына дайындық барысы пысықталды. Алайда жиында маңызды науқанға өңірдің барлық бірдей аудандары дайын емес екендігі анықталды. Кейбірі екі жылдан бері түк бітірмей келеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жиында 2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шараларды іске асыру жөніндегі жол картасының жүзеге асырылуы сөз болды. Ондағы тоғыз пункттің басым бөлігі жүзеге аспаған. Мысалы, Петропавлдағы Ущев көшесіндегі бөгетті қайта жаңарту керек болған. Сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжат бар. Бірақ жауапты мекемелер бюджеттен қаржы сұрап, өтініш бермеген. Шаһар басшысының айтуынша, жобаға түзету енгізу қажет.

Қызылжар ауданында да жағдай оңып тұрған жоқ. Мұнда екі жыл бұрын бөгет салуға жобалық-сметалық құжат әзірленуі тиіс еді. Алайда аудандық әкімдік бұл шаруаны әлі күнге дейін атқармаған.

«2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін құжаттама дайын емес. ЖСҚ сараптамадан өткен жоқ. Неліктен ұзаққа созылды? Атом станциясы ма не?», – деп сұрады облыс әкімі.

Қызылжар ауданының әкімі жоба пысықталуда деп түсіндіруге тырысты. Орындаушы аптаның соңына дейін барлық кемшіліктерді түзетуі керек-мыс. Алайда облыс әкімі жауапқа қанағаттанбады. Ауданда осы салаға жетекшілік ететін әкім орынбасарына бұл мәселені тез арада шешіп, жауапты адамдарды жазалауды тапсырды.

Тағы оқыңыз: Петропавлда шатыры құлаған үй ТКШ жаңғырту бағдарламасы арқылы жөнделмек

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x