соңғы қоңырау

Халықаралық балаларды қорғау күнінде 3345 солтүстікқазақстандық мектеп түлегі үшін соңғы қоңырау соғылды. Салтанатты жиын № 8-ші жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп-кешенінде де өтті. Биыл оқу ордасын 46 оқушы аяқтады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

№ 8-ші жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп-кешенінде 1299 бала оқиды. Соның 46-сы үшін бүгін соңғы қоңырау соғылды. Түлектердің біреуі «Алтын белгіге» және тағы 2-уі «Ерекше үлгідегі аттестаттқа» үміткер.

«Үлкен өмірге қадам басқалы отырған түлектерімізге сәт сапар тілейміз. Барлық оқушыларымызды мақтан тұтамыз. 11 жыл бойы алған білімдерің жақсы ЖОО-на түсуге көмектеседі деген ойдамын. Сіздердің жақсы маман иесі болатындарыңызға сенемін. Болашақтарың жарқын болсын», – деді мектеп директоры Әйгерім Уәлиева.

Диляра Мұстапина ерекше үлгідегі аттестаттқа үміткерлердің бірі. Ол болашақта дипломат болғысы келеді. Ел игілігі үшін еңбек етуді көздеген бойжеткен халықаралық қатынас факултетіне оқуға түсуді көздеп отыр.

«Басты міндетім – ҰБТ-ны жақсы тапсыру. Өзім елордалық немесе шетелдік үздік университеттердің бірінде білім алсам ба деймін. Ол үшін ағылшын тілі және дүние жүзі тарихы пәндерінен жоғары ұпай алуым керек. Достарыма да алдағы өмірде тек сәттілік тілеймін. Ұстаздарыма алғыс айтамын», – дейді Диляра Мұстапина.

Биыл 3345 солтүстікқазақстандық мектеп бітірді. Соның 109-ы «Алтын белгіге» және 200-і «Ерекше үлгідегі аттестаттқа» үміткер.

соңғы қоңырау

Тағы оқыңыз: Астана күніне орай ел азаматтарына 4 күн демалыс беріледі

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x