СҚО-да 3 млрд теңгенің мемлекеттік сатып алулары заңсыз өткізілмек болған

СҚО-да шенеуніктер 2,9 млрд теңгенің мемлекеттік сатып алуларын заңсыз өткізбек болған. Олардың ісін өңір прокурорлары әшкерелеп, 8 мемлекеттік сатып алудың күшін жойған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Мемлекеттік сатып алу басқармасы Петропавлда көппәтерлі үй тұрғызу бойынша конкурс өткізген. Жоба құны 2,5 млрд теңгені құрады. Ал, істі жүргізу үшін жер учаскесіне рұқсат құжаттары болмай шыққан. Сондықтан, әрекет тоқтатылды.

«Тағы бір осындай жағдай Ақжар ауданында орын алды. Онда автомобиль жолдарын орташа жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу қажетті ведомстволық сараптамасыз жүргізілген. Ал, шаруға 300 млн теңге бөлу қарастырылған. Прокурорлық қадағалау актілерімен конкурстардың күші жойылды. Бұзушылықтарға жол бергені үшін 8 лауазымды тұлға әкімшілік, 4-уі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Барлық айыппұл төленді», – деп жариялады СҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: «Арабеск» үлгілі би ансамблі жүлделі оралды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x