Босанғаннан кейінгі эндометриттен қалай арылуға болады?

Босанғаннан кейінгі кезеңде іріңді-қабыну ауруларының ең көп таралған түрлерінің бірі – эндометрит. Бұл кезде әйел адамның дене қызуы көтеріліп, жатырында ауырсынулар байқалады, ештеңеге зауқы болмай, тамаққа тәбеті жоғалуы мүмкін. СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімінің басшысы Бахтияр Саду бұл диагноздан құтылу жолдарын айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Алдымен эндометриттың пайда болу себебіне тоқталайық. Әдетте, босанғаннан кейін жатырға бактерия түсіп, арты қабынуға әкеп соқтыруы мүмкін. Ауру белгілері 5-12 аптадан кейін білініп жатады. Ең алдымен, дене қызуы көтеріліп, бас ауырады. Әйелдің тамаққа тәбеті болмай, денесінен сұйықтық бөлініп, қансырауы да мүмкін. Бұл диагноз зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері арқылы анықталады.

«Кесар тілігі арқылы босанған жандарда эндометрит жиі кездеседі. Адам бойын әлсіздік билеп, имммунитеті түсіп кетеді. Кәдімгі эндометриттің симптомдарына зат алмасудың бұзулуы қосылады. Айта кетерлік жайт, бұл диагноз емделеді. Ол үшін сырқаттанған нәзікжанды тіркелген емханасындағы дәрігерге көрінуі керек. Емдеу жолдарын да сол маман белгілейді. Эндометриттың асқынған түріне шалдыққан әйелді стационарға жатқызу керек. Емдеу барысында антибиотикалық терапияға аса назар аударылады», – дейді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімінің басшысы Бахтияр Саду.

Осы уақытта келіншектерге көп уайымға салынуға болмайды. Бұл дертті одан әрі асқындырып, жағдайды ушықтыруы мүмкін. Маманның сөзінше, емделу кезінде диета сақтау керек. Ақуыз бен дәрумендерге толы тағамдарды тұтынып, уақытылы тамақтанған жөн.

«Дәрігерге көрінбей, өздігінен емделуге болмайды. Бұл іріңді-қабынудың созылмалы түріне әкеліп соғады. Бұдан кейін міндетті түрде стационарда ем қабылдау қажет. Босанғаннан кейінгі эндометритты емдеу – кәсіби медицина қызметкерлерінің жұмысы екенін ұмытпаңыздар. Қазір жаңа, әсері күшті препараттар жетерлік. Дұрыс нұсқама бойынша қабылдасаңыздар, аз уақыттың ішінде ағзада оң өзгерістер орын алады», – дейді Бахтияр Саду.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 3 млрд теңгенің мемлекеттік сатып алулары заңсыз өткізілмек болған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x