СҚО-да өрттен 27 адам көз жұмды

СҚО-да жыл басынан 475 өрт болып, 27 адам көз жұмды. Қызыл жалын 425 млн теңгеге жуық материалдық шығын келтірген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қызыл жалын көбіне жеке сектордан шығады. Жылыту маусымы бастағалы облыста 13 өрт оқиғасы тіркелді. 3 адам көз жұмды, оның біреуі бала. Материалдық шығын 2 млн теңгеден асады.

«Өрттің алдын-алу айлығы аясында тұрмыс жағдайы төмен отбасылар есепке алынды. Барлығы 4137 үй. Онда барлығы 12 мың адам тұрады. 829 үйден қауіпсіздік ережесін сақтамау фактілері анықталды», -деді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Растихин.

Тағы оқыңыз: СҚО-да әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x