СҚО-да әскерилер су тасқынымен күресті жалғастырып жатыр

Петропавлдағы 6637 әскери бөлімінің қызметшілері өңірде су тасқыны басталғалы бөгеттерді нығайту жұмыстарына қатысып, адамдар мен үй жануарларын эвакуациялау жұмыстарына қатысуда. Сондай-ақ әскерилер су басқан аймақтарда күні-түні кезекшілік етіп жүр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Солтүстік Қазақстанда су тасқыны жағдайы күрделі. Арнасынан асқан Есіл өзені Қызылжар ауданындағы бірқатар елді мекендерге кіріп, Петропавл қаласындағы бірқатар аудандарды су басты. Облыс орталығындағы бір мыңнан астам үй су астында қалған. Осы күндері құқықтық тәртіп әскерінің Петропавлдағы 6637 әскери бөлімінің қызметкерлері адамдар мен үй жануарларын қауіпсіз жерлерге көшіріп, одан бөлек мал-мүліктің тоналуына жол бермеу үшін полицейлермен бірлесіп, су басқан аймақтарда кезекшілік атқаруда.

СҚО-да әскерилер су тасқынымен күресті жалғастырып жатыр

СҚО-да әскерилер су тасқынымен күресті жалғастырып жатыр

«Әскерилер Тепличное, Бескөл, Прибрежное ауылдарындағы, қаланың айналма жолдарында бөгет салу жұмыстарына қатысты. Алдыңғы шепте жүрді. Бөгеттерді нығайту, су бұру жұмыстарын атқаруда да ұландықтардың еңбегі ерен. Қазіргі уақытта 6637 әскери бөлімінің жедел мақсаттағы батальоны үш ауысымда жұмыс істеп, тәулік бойы су басқан елді мекендерде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде. Ұландықтар қажет болған жағдайда жергілікті тұрғындардың жеке мүлкін, көлікті және үй жануарларын эвакуациялауға көмектесуге әрқашан дайын», – деп хабарлады әскери бөлімнің баспасөз қызметі.  

Айта кетейік, өңірге су тасқыны кезінде көмек көрсетуге елордалық 5573 әскери бөлімінің 200 әскери қызметшісі келген болатын.

СҚО-да әскерилер су тасқынымен күресті жалғастырып жатыр

Тағы оқыңыз: СҚО-да эвакуациялық пунктерде медицина қызметкерлері кезекшілік етуде

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x