СҚО-да әскерге аттанғалы жатқан қос жігіт қашып кеткен

Отан алдындағы борышын өтеуге аттанғалы жатқан екі солтүстікқазақстандық сарбаз қашып кеткен. Қазір олар іздеуде жүр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

27 сәуір күні Петропавлдағы теміржол вокзалынан Қарағанды облысындағы 85510 әскери бөліміне аттанғалы жатқан қос сарбаз қашып кеткен. Қазір Бахтияр Құсайынов пен Владислав Коваленкоға іздеу жарияланған.  

«Солтүстік Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының 2024 жылғы 27 сәуірдегі № 67 бұйрығына сәйкес бұл азаматтар мерзімді әскери қызметке шақырылып, оларға «қатардағы жауынгер» әскери атағы беріліп, 85510 әскери бөліміне әскери қызмет өткеру үшін жіберілді. ҚР 2014 жылғы 3 шілдедегі № 226-V Қылмыстық кодексінің 441-бабы 2-тармағы қызмет бабымен сенiп тапсырылған қарумен жасалған не адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы бөлiмдi немесе қызмет орнын өз бетiмен тастап кету, егер өз бетiмен болмау бiр тәулiктен ұзаққа созылса, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 442-бап 2-тармағы қашу, яғни әскери қызметтен жалтару мақсатында қызмет бөлімін немесе орнын өз еркімен тастап кету, сол сияқты қызметке сол мақсатпен келмеу бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады», – деп хабарлады Щучье гарнизонының әскери полиция бөлімшесінің мамандары.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екі солтүстікқазақстандық жігіт іздестірілуде.

Тағы оқыңыз: СҚО-да үш күн ішінде түрмеге телефон өткізудің екі фактісі тіркелді 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x