Солтүстік Қазақстанға  су тасқыны кезінде көмекке Астанадан 312 сарбаз келді. Олар ертеңнен бастап жұмысқа кіріседі, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Солтүстік өңірде су тасқыны жағдайы ушыққан. Сергеев су қоймасындағы су деңгейі 425 см жетті. Бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Сондықтан облысқа жан-жақтан көмек күші келіп жатыр. Сегізінші сәуір күні кешке өңірге Астана қаласының  68665 әскери бөлімінің сарбаздары келді.

«Біздің әскери бөлімнен 312 жауынгер келді. Ертең Шал ақын ауданына аттанамыз. Сергеевка қаласында су тасқынына қарсы шараларды жүргіземіз. Барлық тапсырманы орындауға дайынбыз», – дейді 68665 әскери бөлімінің аға лейтенанты Рустам Биятов.

Бұдан бөлек, бас қаладан өңірге 13 техника жеткізілген.

Айта кетейік, қазіргі күні облыста Қарағанды, Түркістан және Павлодаодан келген құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Есіл өзенінен қауіп төніп тұрған аудандардың бірі-Қызылжару ауданы. Мұнда 20 ауылды су басу қаупі бар. Жергліікті атқа мінерлер 21 эвакуациялық пуніті дайындап қойған. Онда 2500 адамды орналастурға болады. Су тасқынына қарсу жұмыстарға ауыл шаруашылық тауар өндірушілері техникалық тұрғыда  жәрдемдесіп жатыр.Сонымен қатар, тұрғындар да қол қусырып отырған жоқ

«Егер эвакуациялық пунктерде орын жетпей қалса, біз мектептер мен мәдениет үйлерінде қосымша орындар аша ламыз. Оған қоса кәсіпкерлер де жатын орынмен, тамаөпен қамтасыз етуге келісіп отыр. Бірақ, шағдай ушықпайды деп ойлаймын. Қазір аудандағы бөгеттерді нығыздауға 800-ден астам адам жұмылдырылды. Оның ішінде құтқарушылар, әскерилер, мемлекеттік және бюджеттік сала мамандары, еріктілер мен тұрғындар да  бар. Есіл ауданының шекарасынан бастап өзен бойындағы барлық елдімекендердің маңында бөгеттер биіктетілді»,-дейді  Қызылжара уданы әкімінің орынбасары Алма Нұрғалиева.

Қызылжар ауданында судан ең көп қауіп Тепличное, Прибрежное, Семипалатное, Бескөл ауылдарына төніп тұр.  Барлық ауыл тұрғндары тілсіз жау туралы хабардар. Екіталай уақыт болғанда көшуге әзір. Ауыл азаматтарының көпшілігі ағайын-туыстарына баруға ниетті екен. Олардың барлығын аудан әкімдігі өздеріне түртіп, белгілеп алған. Әр ауланы аралап, малдарды қауіпсіз жерге көшірумен айналысып жатыр. 

Тағы оқыңыз:Олжас Бектенов: Президент су тасқынымен күреске барлық күшті жұмылдыру міндетін қойды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x