СҚО-ға Қарағанды және Павлодар облыстарынан құтқарушылар көмекке келді

Су тасқыны кезінде көмек көрсету үшін Солтүстікке қарағандылық және павлодарлық құтқарушылар келді. Олар Петропавл және Қызылжар аудандарында жұмыс істейтін болады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Қазір облысқа Есіл өзенінен төнген қауіп еселене түсті. Сергеев су қоймасындағы су деңгейі рекордтық дәрежеге жетті. 12-ші сәуірде су Петропавлға жетеді деген болжам бар. Сондықтан облыс орталығы мен оның маңындағы аудандарда тасқын судың алдын алу жұмыстары күні-түні жүргізілуде. Осы орайда өңірге көмекке қарағандылық және павлодарлық мамандар келді. Олар Петропавл мен Қызылжар аудандарында жұмыс істейтін болады. Өздерімен бірге қажетті техниканы да ала келген. Айта кетейік осыған дейін, облысқа түркістандық құтқарушылар келген болатын. Олар Тайынша, Шал ақын, Ғ. Мүсірепов аудандарында жұмыс істеп жатыр.

Тағы оқыңыз: Петропавл қаласының әкімі тұрғындардан көмек сұрады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x