Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда атап өткендей, Қазақстан Әділеттің , Заң мен тәртіптің мекені, еңбекқор адамдардың елі болуы тиіс. Осы бағытта М.Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейінде конференция өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Бұл — мемлекет ұстанған басты бағыттардың бірі.Шара «Заң және тәртіп» қағидасы аясында ұйымдастырылып отыр. Оның барысында тәртіпті қадағалау органдары оқушылармен ашық диалог жүргізіп, нақты мысалдар келітірді. Мұндағы басты мақсат — жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру.


«8-ші қаңтардан бастап 30-шы қаңтарға дейін бір айлық іс-шара өтуде. Бұл айлықта біз жоспар бойынша күнделікті мүдделі органдармен сынып сағаттары, дөңгелек үстелдер ұйымдастырамыз. Жастардың арасында құқықбұзуқылықтардың алдын алғымыз келеді», — СҚО білім басқармасы Әдістемелік орталық» КММ бөлім жетекшісі Дианнa Қазбекова.

Аталмыш іс-шараға полиция департаментінің қызметкері Алмас Еркешов те келіп отыр. Ол бүгін жасөспірімдерге жол-көлік оқиғасының алдын алу бойынша сөз сөйледі. Тәртіп сақшысының айтуынша, биыл өңірде жастардың қатысуымен 28 жөл-көлік оқиғасы тіркелген.

Мектеп оқушылары конференциядан жиғанымыз мол, дейді. Жасөспірімдер өз құқықтары мен заңды білу бүгінгі заманда аса қажет екенін де жеткізді. Олардың қатарында «Жас сақшы» сыныбының өкілдері де бар.

Тағы оқыңыз: СҚО-да ақпан айы жылдағыдан жылы болады 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *