[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/01/photo1650439495-1.jpeg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ global_colors_info=»{}» sticky_enabled=»0″]

2 күннен соң елімізде ҚР Парламенті Сенат депуттарының сайлауы өтеді. Сенаторлыққа 2 солтүстікқазақстандық әйел азамат үмітті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өңірден Парламент сенатына үміткер болған бес адамның екеуі ғана сайлауға қатысады. Бұған дейін екі азамат тиісті құжаттарын (декаларацияны тапсырғаны туралы хабарламаның және сайлау жарнасын төлегені туралы түбіртектің болмауы) тапсырмағандықтан, тіркеуден өтпеді. Ал бір үміткер өз еркімен кандидаттығын алып тастау жөніндегі өтініш тастаған. Сайлау күні облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың 190 депутаты өз таңдауын жасайды. Дауыс беру 14 қаңтар күні сағат 11-00-де Н.Погодин атындағы орыс драма театрында таңдаушылардың бірлескен отырысында өтеді.

«24 желтоқсан күнгі сағат 18-00-ден бастап Сенат депутаттығына үміткерлер сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарына кірісті, ол 13 қаңтар күні сағат 00-00-де аяқталады. Әр үміткердің сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарына Орталық сайлау комиссиясы республикалық бюджет есебінен бөлінетін шығындардың мөлшерін бекітті, ол 550 мың теңгені құрайды. Ағымдағы жылдың 5 қаңтарында таңдаушылардың тізімі барлық мәслихаттардың депутаттары танысуы үшін бұқаралық ақпарат құралдарында («Солтүстік Қазақстан», «Северный Казахстан» газеттерінде, облыстық сайлау комиссиясы мен облыстық мәслихаттың интернет-парақшаларында) жарияланды. Тіркелген үміткерлердің екеуі де әйел азамат. Олардың 1 – мемлекеттік қызметші, 1 – мәслихат депутаты. Мамандығы бойынша екеуі де оқытушы», — деп мәлімдеді облыстық орталық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Сақыпкереев.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x