СҚО-да жыл басынан балалардың қатысуымен 55 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Жыл басынан бері өңір жолдарында балалардың қатысуымен 50-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелді. Нәтижесінде бір бала көз жұмды, деп жазады Qazaqstan Media.

Жаңа оқу жылы қарсаңында оқушыларға жолда жүру ережелерін қатаң сақтауға, жолда сақ болуға шақырады. Мамандар балалардың қатысуымен болатын жол апаттарының  алдын алу мақсатында жас инспекторлармен бірге п балалармен және олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын жандандырды.

 «Жеті  ай қорытындысы бойынша СҚО-нда 55 балалардың қатысуымен болған ЖКО тіркелді, соның нәтижесінде 1 бала қаза тапты және 65-і жарақат алды. Оқу жылының басталуы қарсаңында балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу мақсатында жас жол инспекторларымен бірлесіп, жол қозғалысының назарын ЖҚЕ мүлтіксіз сақтау қажеттілігіне аударғымыз келеді. Жолдардағы қауіпсіздік әрқашан әрқайсымыздың мінез-құлық мәдениетімізге байланысты»,-деді  СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы Аягөз Есмағамбетова.

Жас инспекторлар құрдастарына жолдағы қауіпсіздік дағдыларын үйретеді, викториналар, конкурстар ұйымдастырады, плакаттар салады және жалпы — полиция қызметкерлеріне белгілі тақырып бойынша үгіт-насихат шараларында өте тиімді көмектеседі. СҚО-да жас жол инспекторларының 287 жасағы жұмыс істейді, онда төрт мыңнан астам мектеп оқушысы бар.

Тағы оқыңыз: Петропавлдағы саяжайлар тасқыннан кейін әлі де суда тұр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x