СҚО-да танымал спортшы 23 жастағы жігітті құлдықта ұстаған

Солтүстік Қазақстанда 23 жастағы жігітті құлдықта ұстаған жандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Мұқан Негматов 10 айдан астам уақыттан бері әйелдер күресі бойынша Азия ойындарының қола жүлдегері Айша Уалишанның үйінде қара жұмысқа жегілген, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Бұл оқиға туралы бір ай бұрын белгілі болды. 23 жастағы Мұқан Негматов өзінің 10 ай 17 күн СҚО Уәлиханов ауданы Жасқайрат ауылында құлдықта болғанын журналистерге баяндаған. Оның айтуынша, танысы Әл-Фараби есімді жігіт оны жұмысқа шақырған. Оған 500-600 мың жалақы төлейміз деп уәде берген. Бірақ, табыс табамын деп келген жігіт қара жұмысқа жегіліп, өзін құлдықта ұстағандардан әрең қашып құтылған.

Мұқанның сөзінше, оны үнемі ұрып-соғып, тіпті зорлық әрекеттер де жасаған. Қорқытып, жақындарынан ақша да сұратқан. Ал оны құлдықта ұстаған адам танымал спортшы Айша Уәлишан мен оның күйеуі болып шықты.

«Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Істің барлық мән-жайларын анықтау мақсатында мұқият тергеу жүргізіледі. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілуге жатпайды», — делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Тағы оқыңыз: СҚО-да сотталғандардың қолынан шыққан өнімдер Еуропаға сатылады 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *