СҚО-да шенеуніктер кәсіпкерлерді заңсыз тексеріп келген

Солтүстік Қазақстанда лауазымды тұлғалар кәсіпкерлерді заңсыз тексергені үшін жауапқа тартылды. Оны мемлекеттік кірістер органдарының қызметін талдау барысында өңір прокурорлары анықтаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Заңсыз әрекетке Есіл, М. Жұмабаев, Шал ақын, Қызылжар аудандары мен Петропавл қаласының шенеуніктері барған. Мемлекеттік кірістер басқармасының лауазымды тұлғалары Кәсіпкерлік кодекстің талаптарына қарамастан бизнес субъектілеріне салықтық тексерулер жүргізген.

«Прокурорлық қадағалау актісі бойынша аталған салық органдарының басшылары тексеру жүргізу тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта айыппұлдар толық төленді, салықтық тексерулер заңсыз деп танылды және жойылды», — делінген облыстық прокуратураның баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Жалпы жыл басынан бері қадағалаушы орган өкілдері 270 кәсіпкердің құқығын қорғаған.

Тағы оқыңыз: Петропавлда үшем дүниеге келді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *