Петропавлдық «Қызылжар-2012» футбол командасы Қытайдың Сиань қаласында өтетін «Xi’an Cup 2026» халықаралық турниріне қатысады. Жас футболшылар 12-21 қазан аралығында өзара мықтыны анықтайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Петропавлдық «Қызылжар-2012» футбол командасы Қытайдың Сиань қаласында өтетін «Xi’an Cup 2026» халықаралық турниріне қатысады. Бәсі биік дода қазанның 12-21 аралығында өтеді. Бұл – команда тәрбиеленушілерінің шетелдегі үшінші ірі турнирі. Бұған дейін олар Болгариядағы «Bansko Evima Cup» және Черногориядағы «Podgorica Cup» жарыстарына қатысып, халықаралық тәжірибе жинаған.

«Қызылжар U14» турнирдің B тобына түсті. Петропавлдық футболшылар Қытайдың «Shaanxi University U14», Оңтүстік Кореяның «Сеул U14» және Вьетнамның «PVF Football Academy U14» командаларымен кездеседі.

Тағы оқыңыз: Санкт-Петербургтен келген велосаяхатшыға теріскейлік полицейлер көмектесті

Поделиться:

Shares