22-тамызға жоспарланған ҚПЛ-дың 23-туры аясындағы «Оқжетпес» — «Қызылжар» матчы кейінге шегерілді. Бұл туралы клубтың ресми парақшасында хабарланды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
22 тамызға жоспарланған ҚПЛ-дың 23-туры аясындағы «Оқжетпес» — «Қызылжар» матчы кейінге шегерілді.
Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің мәліметінше, алдағы демалыс күндеріне жоспарланған барлық спорттық жарыстар басқа күнге ауыстырылды. Бұған 23-тамыз күні өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауы себеп.
23-тур матчтарының өту күндері әлі белгісіз. Ақпарат чемпионаттың ресми парақшаларында хабарланады.
Тағы оқыңыз: СҚО палуаны халықаралық турнирде қола жүлдеге ие болды

