Құрбан айтқа санаулы күндер қалды. Осыған орай, еліміздің өңірлерінде құрбандыққа шалынатын мал бағасы нақтыланды.  Солтүстік Қазақстанда қой бағасы 75 мың мен 120 мың теңге аралағында екен, деп жазады Qazaqstan Media.

Биыл мереке қарсаңында Қазақстанның әр қаласындағы мал құны мынадай:

Қазақстанның бірнеше өңірінде құрбандыққа шалатын қойдың бастапқы бағасы 60 мың теңгеден басталады. Мұндай баға Ақтөбе, Қарағанды, Орал және Шымкент қалаларында тіркелген.

Ал Алматы, Ақтау, Жезқазған, Талдықорған, Түркістан және Таразда қойдың бастапқы құны 70 мың теңгеден жоғары.

Петропавлда құрбандыққа арналған қой 75 мыңнан 120 мың теңгеге дейін сатылып жатыр. Көкшетауда баға 80–120 мың, Қызылордада 80–110 мың теңге аралығында.

Семей мен Қонаевта баға бұдан да жоғары. Семейде қой 90–140 мың теңге, ал Қонаевта 90–120 мың теңге шамасында саудалануда.

Астанада да баға жоғары болып тұр — 90 000 — 170 000 теңге. Еліміздің батысы мен оңтүстік өңірлерінде де баға шарықтаған. Атырауда қой бағасы 120 000 теңгеден басталып, 150 000 теңгеге дейін көтерілген. Ал Павлодарда 180 мың теңгеге, Жезқазғанда 160 мың теңгеге дейін жетті.

Еліміз бойынша қой бағасы Түркістанда қымбат. Мұнда баға 70 000 теңгеден басталып, 200 000 теңгеге жеткен.

Сарапшылардың болжамына сүйенсек, айт күндері нарықтағы сұраныс пен логистикалық жағдайларға байланысты баға әлі де өзгеруі мүмкін.

Тағы оқыңыз: Денсаулық сақтау министрлігі барлықнаркологиялық орталықтарды тексереді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *