Негізгі ҰБТ-2026 басталғалы 92 мыңға жуық талапкер тест тапсырған. Ереже бұзған 178 оқушының нәтижесі жойылыпты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Негізгі ҰБТ-2026 басталғалы 92 мыңға жуық талапкер тест тапсырған. Оның 71 пайызы тестілеуден қазақ тілінде, 29 пайызы орыс тілінде, ал 164 адам ағылшын тілінде өткен. Бейінді министрлік мәліметінше, талапкерлердің 65 пайызы шекті балл жинады.
Тестілеу қорытындысы бойынша орташа көрсеткіш 63 балл болды. Қазіргі уақытта ең жоғары нәтиже 138 балға жетті.
Сондай-ақ ҰБТ-ға ерекше білім беру қажеттіліктері бар 235 талапкер қатысты.
«Ереже бұзғаны үшін 178 адамның нәтижесі жойылды. Оның ішінде 103 талапкер тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуге жіберілмеді. Емтихан кезінде ереже бұзғаны үшін аудиториядан 75 адам шығарылды», — деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Қазақстанда негізгі ҰБТ 10 шілдеге дейін жалғасады. Естеріңізге сала кетейік, елімізде 240 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға өтінім білдірген.
Тағы оқыңыз: Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді елорда әуежайында қарсы алды

