Президент СҚО-да су тасқынымен күресіп жүрген жандарға алғысын білдірді

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмектесіп жатқан құтқарушылармен, еріктілермен және кәсіпкерлермен кездесті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай кезінде өңір тұрғындарының жоғары деңгейде ұйымшылдық танытқанын атап өтіп, табиғат апатымен күресіп жүрген барлық азаматқа алғыс айтты.

Президент СҚО-да су тасқынымен күресіп жүрген жандарға алғысын білдірді
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары Елена Семидоцких Президентке облыстағы әр ауданда гуманитарлық көмек қабылдайтын пункттер ашылғаны жөнінде мәлімет берді.

Президент СҚО-да су тасқынымен күресіп жүрген жандарға алғысын білдірді
«Birgemiz» волонтерлер фронт-офисінің жетекшісі Анастасия Волкова еріктілердің жедел әрекет ету штабы құрылғаны туралы баяндады. Штаб 2500-ден астам волонтерді үйретеді және олардың жұмысын үйлестіреді. Ал «Севказэнерго» акционерлік қоғамының бас директоры Анатолий Казановскийдің айтуынша аталған кәсіпорынның акционерлері 100 миллион теңге бөліп, трансформаторлар орнату және электр желілерін тарту жұмыстарын жүргізген.
«Қызылжар жолдары» ЖШС директоры Асхат Жолдаспаев компанияның су тасқынына қарсы шараларға белсенді атсалысып жатқанын жеткізді. Осы ретте аталған мекеме бөгеттер салу және нығайту үшін арнаулы техникалар мен қажетті құрал-жабдықтар бөліп отыр.

Тағы оқыңыз:Президент Петропавл су торабының жұмысымен танысты

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x