Қазақстанда 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерде тіркелуіне заңмен тыйым салу ұсынылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың алғашқы сессиясында Үкіметтің осы бастамасын қолдайтынын мәлімдеді, деп жазады Qazaqstan Media.

Президенттің айтуынша, ең басты міндеттердің бірі – өскелең ұрпақ үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру. Осыған байланысты Үкімет 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерге тіркелуіне шектеу қоюды заң деңгейінде бекітуді ұсынып отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай тәжірибе әлемнің бірқатар елінде қолданылып жатқанын атап өтті. Президент бұл бастаманы қолдайтынын және мәселені басымдықпен қарастыру қажет екенін айтты.

Сонымен бірге Мемлекет басшысы тыйымды енгізбес бұрын оның қалай жұмыс істейтіні жан-жақты ойластырылуы керек екенін ескертті. Яғни балалардың жасын анықтау, әлеуметтік желілерге тіркелуді бақылау сияқты тетіктер алдын ала әзірленуі қажет. Заң тек қағаз жүзінде қалып қоймауы тиіс.

Президент онлайн-платформалар мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін реттейтін заңдарға да ерекше назар аударуды тапсырды. Оның айтуынша, ақпараттық кеңістікте азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қосымша шаралар қажет.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін де 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына шектеу қою мәселесін көтерген болатын.

Тағы оқыңыз: «Қызылжар» футбол орталығының тәрбиеленушілері алғаш рет халықаралық турнирде бақ сынайды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *