Повозочное ауылын абаттандыру

Соңғы жылдары Шал ақын ауданында елді мекендерді абаттандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінуде. Мәселен, 2021 жылдан бері Повозочное ауылында 74 млн теңгеге ауылішілік жолдың 5,5 шақырымына асфальт төселіп, көшелерге жарық шамдар орнатылған. Бейнебақылау камералары да орнатылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Повозочное Приишим ауылдық округіне қарайды. Жыл сайын мұнда халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту үшін бірсыпыра шаруа тындырылып келеді. 2021 жылы көшелерді жарықтандыруға 1,3 млн теңге бөлінген. Жалпы, 2017-ші жылдан бері елді мекенде 112 жарық шам орнатылған. Ауылішілік жолдар да қалыпқа келтірілуде. Соңғы екі жылда 5,5 шақырым жерге асфальт төселді.

«1 млн теңгеден астам қаражатқа ауылда 9 бейнебақылау камерасы қойылды. Қажетті учаскелердің барлығына жол белгілері дайындалып, орнатылды. Амбулаторияның шатыры да жаңартылды. Білім саласында да өзгерістер бар. Приишим орта мектебінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл іске «Агросевер» ЖШС жетекшісі қолдау көрсетті. Сонымен қатар, оның демеушілігімен оқушылар тегін тамақпен қамтылды, оқу ошағына шкафтар сатып алынды», – деді Приишим ауылдық округінің әкімі Айдархан Хабдулин.

Ауылда балаларға арналған ойын алаңқайы да жабдықталған. Шаруаға жергілікті бюджеттен 1,7 млн теңге бөлінсе, «Агросевер» ЖШС қосымша 8 млн теңге бағыттаған. Сонымен қатар, елді мекенде жабық хоккей корты да салынды. Оған осы серіктестіктің басшысы 100 млн теңгеге жуық қаржы жұмсаған.

Қысқасы, Повозочное ауылының қазіргі жағдайы қаладағыдан кем емес деп айта аламыз. Елді мекенде күнделікті өмірге қажетті, заман талабына сай дүниенің бәрі бар. Ауылды көркейту үшін жергілікті қазынадан ақша бөлініп отырады. Бұл ретте серіктестік басшылары да қарап қалмай, қаржылай қолдау көрсетуде.

Тағы оқыңыз: Бірнеше рет жол ережесін бұзған петропавлдық 8 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x