Петропавлда қалыңдық көйлегін киген қыз-келіншектер сайлау учаскелеріне келді. Олар бұл әрекет арқылы нәзікжандыларды сайлауда дауыс беруге шақырды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Петропавлда қалыңдық көйлегін киген қыз-келіншектер сайлау учаскелеріне келді.
Олар Әлихан Бөкейхан атындағы №25 жалпы білім беретін мектебінде орналасқан №611 сайлау учаскесінде дауыс берді. Шын мәнінде, бұлар тұрмысқа шыққалы жатқан азаматшалар емес.

Нәзікжандылар ерекше форматта саяси науқанға қолдау көрсетуді ұйғарған. Себебі, ел тағдыры шешілетін тарихи күнде әр адамның дауысы аса маңызды

«Қалыңдық болуға асыққандар» атты жобаны биыл ойлап таптық. Бастама аясында біз ақ көйлекті киіп, қаланы аралаймыз. Бұл нәзікжандыларға бір сәт үйдің шаруасынан тынығуға көмектеседі. Ал бүгін барша азаматшаларды саяси науқанға қатысуға шақыру мақсатында учаскеге осылай киініп келдік. Ел тағдыры шешілетін сайлауға барлығымыз белсенді қатысуымыз керек», деді жоба жетекшісі Оксана Морозова.

Тағы оқыңыз: Жамбыл ауданында 86 жастағы ақсақал таңдауын жасап, елге ақ батасын берді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *