Петропавлдың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде

Жауын-шашынның көп түсуіне және ауа температурасының төмендеуіне байланысты, Петропавлдың коммуналдық қызметтері күйшетілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, түнде көшелерді қардан тазалау жұмыстары жүргізіледі. Ал таңғы сағат 6-дан бастап жолдар мен жаяу жүргіншілер жүретін жерлерге құм-тұз қоспасы себіледі. Аялдамалардың маңындағы мұзға да инерттік материалдар төселуде. 40 техника мен 80 маман жұмылдырылған. Қажет болған жағдайда техника санын арттыруға мүмкіндік бар.

«Петропавл қаласы әкімдігінің «Ikomek» 109 біріңғай байланыс орталығының операторлары тұрғындардың өтініштерін 24/7 режимде қабылдайды. Барлық өтініштерді белгіленген мерзімде шешу үшін мемлекеттік органдар мен коммуналдық қызметтерге беріледі. Байланыс орталығына 109 номеріне қоңырау шалу арқылы, «Aikey» қосымшасын жүктеу арқылы  және инстаграмм арқылы өтініш қалдыруға болады», – деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Петропавлда психдиспансерде есепте тұратын азамат автобус жүргізіп келген

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x