Жыл басынан бері 312 петропавлдық көлігіне VIP нөмір сатып алған. Оған қала тұрғындары 110 млн теңге жұмсады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Биыл петропавлдықтар арасында 010,020,030,040,050,060,070,077,080,090және707нөмірлері сұранысқа ие болған. Олардың әрқайсысының бағасы 210444теңге (57АЕК) тұрады. Ал ең қымбаты 001,002,003,004,005,006,007,008,009және777 нөмірлері. Бұл қатарға бірдей әріптер де жатады. Бұлардың әрқайсысы 1052220теңге (285АЕК) тұрады.
«Жыл басынан бері Петропавл қалалық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы 312 тұрғынға VIP нөмір берген. Оның 257 нөмірін ер адамдар, ал 55 нөмірін әйелдер сатып алды», — «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі.
Сөйтіп, ерекшеленгісі келген петропавлдықтар 110 млн теңге жұмсаған. Айта кетейік, стандарт нөмірдің құны 16 мың теңге.
«Қазақстанда «әдемі» нөмірлерді сату тәжірибесі 2014 жылы енгізілген және оларды сатудан түскен табыс ел бюджетіне түседі. VIP нөмірлерді мамандырылған ХҚКО-да немесе электрондық үкімет порталы арқылы сатып алуға болады. Бұл ретте бос болса, кез-келген нөмірді таңдауға болады. Петропавл қаласында қызмет көрсету мерзімі 15 күнтізбелік күнді құрайды, жеделдету рәсімі де бар», — деп нақтылады баспасөз қызметі.
Биыл Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында 70 мыңнан астам көлік құралы тіркелген. 15 мың адамға жүргізуші куәлігі берілді.
Тағы оқыңыз: Петропавлда анасын балағаттаған ер адам қамауға алынды