Петропавл полициясы «Ломбард «Деньги населению» ЖШС-не жасалған ұрлық фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Қазір күдіктіні анықтау және ұрланған мүлікті табу бойынша жедел-іздестіру шаралары қолға алынған, деп жазады Qazaqstan Media.
Ломбардты тонау фактісі тамыз айының 15-нен 16-на қараған түні тіркелген. Белгісіз біреу «Ломбард «Деньги населению» бөлімшелерінің біріне ұрлыққа түскен. Ұры құлыпты бұзып кіріп, қомақты ақшаға бағаланатын алтын бұйымдарды жымқырған. Қазір тәрптіп сақшылары оқиға орнында тексеру жүргізіліп, заттай дәлелдемелер тәркіленген. Бейресми мәлімет бойынша, шығын 10 млн теңгеге дейін жетеді.

«Бейнебақылау камераларындағы жазбалар зерттеліп жатыр. Ұйым қызметкерлері мен куәгерлерден жауап алынды», — деп хабарлады полиция.
Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар адамды анықтау және ұрланған мүліктің орналасқан жерін табу үшін жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Істің өзге мән-жайлары Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес әзірге жарияланбайды.
Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстандағы жылу беру нысандары Үкіметтің ерекше бақылауында

