Петропавлда 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымы ресми түрде аяқталды. Қала әкімінің қаулысына сәйкес, облыс орталығында жылу беру 27 сәуірден бастап тоқтатылады, деп жазады Qazaqstan Media.

Құжатқа қала әкімі Серік Мұхамедиев қол қойған. Қаулыда бұл шешім тұрғын үйлерді, әлеуметтік-мәдени және әкімшілік-шаруашылық нысандарын алдағы жылыту маусымына уақытылы әрі сапалы дайындау мақсатында қабылданғаны көрсетілген.

Дегенмен қалада жылу бір күнде толық өшірілмейді. 27 сәуірден бастап тұтынушыларды жылу жүйесінен кезең-кезеңімен ажырату бағдарламасы бекітілді. Құжат қала әкімдігі, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ және «Петропавл жылу желілері» ЖШС тарапынан келісілген.

Бекітілген кестеге сәйкес, жылу беру 10 күн ішінде біртіндеп тоқтатылады. Мамандардың айтуынша, бұл жылумен жабдықтау жүйесіндегі жүктемені бірқалыпты азайтып, техникалық ақаулардың алдын алу үшін қажет.

Алғашқы екі күнде Театральная, С. Мұқанов, Н. Назарбаев, Абай көшелері маңы мен «Динамо» сорғы станциясы ауданындағы тұтынушылар жылудан ажыратылады. Үшінші күні Алтынсарин көшесіндегі №4 сорғы станциясынан ДСР бағытына қарай орналасқан нысандар қамтылады.

Төртінші күні Ғ. Мүсірепов, Н. Назарбаев көшелері, Жабаев даңғылы және Алматы көшесі аралығындағы аумақта жылу беру тоқтатылады.

Осылайша, Петропавлда жылыту маусымы аяқталғанымен, тұтынушыларды жүйеден ажырату жұмыстары жоспарға сай кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Тағы оқыңыз: Данияр Кәленов — облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер жекпе-жек спорт мектебінің жаңа басшысы

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *