Петропавлда Қызылжар кубогы Республикалық жайдарман фестивалі  өтті. Сайыста 9 команда бақ сынасты,  деп хабарлайды Qazaqstan Media  тілшісі

Жайдарман ойындарының мақсаты,жастар арасында КВН жанрын насихаттап, дарынды жастарды анықтау,олардың шығармашылық қабілеттерін іске асырға  мүмкіндіктер беру. Және ең бастысы Солтүстік Қазақстан облысының аудандық деңгейдегі КВН командаларын қолдау көрсету болып табылады. Сайыста Қостанай, Астана қалаларының және Петропавл қаласы мен Ақжар және Аққайың аудандарынан келген  9 команда бақ сынасты.

Петропавлда жайдарман фестивалі өтті

«Қатысушы командалардың барлығы мықты. Ішінен үздік әзіл көрсеткен мықтыны таңдап алуға тырысамыз. Жайдарман ойындарының қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар бағалы сыйлықтармен марапатталады. Атап айтсақ, түрлі тұрмыстық техникалар мен теледидар. Және ең басты сый әрине жайдарман ойындарының кубогы.»,-деді “Қазақстанның болашағы үшін” қоғамдық студенттік бірлестігінің жетекшісі Рүстем Арманов.

Бүгінгі жайдарман фестиваліне қатысушылардың бірі- Мұхаммад Оразаев. Ол Астана қаласынан келген Сейфуллин құрамасының капитаны. Бүгінгі ойынға сақадай саймыз дейді ол.

«КВН ойындарына қатысып, көрерменге әзіл айтқан ұнайды өзіме. Әзілдерді өзіміз жазып, өзіміз ойнаймыз. Барлық қатысушы командаларға сәттілік тілеймін.»,-деді Мұхаммад Оразаев

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x