Петропавлда 35 жастағы ер адам, жұмыс орнында жарақат алып ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Полиция департаменті берген мәліметке сүйенсек, оқиға 30-шы наурыз күні сағат түскі үштер шамасында болған. 35 жастағы қала тұрғыны салынып жатқан нысанның бірінші қабатынан құлаған. Ол алған өндірістік жарақаты салдарынан ауруханаға жатқызылды. Қазіргі кезде оның жағдайы ауыр, жансақтау бөілімінде жатыр.
«Аталмыш факті сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қылмыстық іс бойынша жедел тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: Петропавлда жасөспірімді жыныстық қатынасқа тартқан азаматқа қатысты іс сотқа берілді