Петропавлда тыйым салынған «Ата жолы» ағымының ізбасары анықталды

Солтүстікқазақстандық полицейлер тыйым салынған «Ата жолы» оккульттік-мистикалық діни ағымының ізбасарын анықтады. Петропавл қаласының тұрғыны өз үйінде емшілікпен айналысқан, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасына петропавлдық әйел дәстүрлі емес «емдеумен» айналысып жүргені жайлы хабар түскен. Оның үстіне тұрғынның діни насихат жүргізетіні туралы да айтылған. Ақпарат расталды, 44 жастағы адам тыйым салынған «Ата жолы» оккульттік-мистикалық діни ағымының ізбасары екен. Ол тұрғылықты мекенжайында емшілікпен айналысқан. Петропавлдыққа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 489-бабының 10-бөлігі (Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, діни бірлестіктердің қызметіне басшылық жасау, қатысу, олардың қызметін қаржыландыру) бойынша материал жиналды.

«Дәстүрлі емес діни практикаларға сенім арту, тіркелмеген немесе тыйым салынған қоғамдық, діни бірлестіктердің қызметіне қатысу психика үшін орны толмас зардаптарға, отбасы мен мансаптың бұзылуына әкелуі мүмкін. Біз адамдардан тек ресми діни дереккөздерге сенуді сұраймыз», – деді СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы.

Тағы оқыңыз: Сұлулық салондарындағы қызмет құны 15% қымбаттады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x