Петропавлда тасқыннан зардап шеккендерге 500 үй салынады

Петропавлда су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға деп 500 жаңа үй салынатын болды. Оған  жергілікті он құрылыс компаниясы жұмылдырылған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Солнечный-2 ықшам ауданында жүздеген баспананың салынатындығын облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов  тасқыннан зардап шеккен тұрғындармен  кездесу барысында айтты. Өңір жетекшісі  Былғары кенті, Ойқала және Тепличное ауылдарында болды. Қазір бұл аудандарда тазалау жұмыстары басталып кетті. Бүгіннен бастап Былғары кенті мен Ойқала аудандарын қалпына келтіру және жөндеу үшін  мехникалық бригадалар келе бастайды.

«Сондай-ақ Солнечный-2 ықшам ауданында салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысын бақыладым. Жергілікті 10 құрылыс компаниясы «Қазақстан халқына» қорының қаражатына 100 тұрғын үй салуда. Мұнда Kaspi 300, Kazakhmys корпорациясы 100 үй тұрғызуды жоспарлап отыр. Жаңа шағын ауданда тасқыннан зардап шеккендерге барлығы 500 үй салынады. Жұмыс көлемі ауқымды, адамдар баспанаға ие болуы үшін құрылысты суық түскенше дейін аяқтау қажет», – деп жазды өңір жетекшісі әлеуметтік желіде.

Тағы оқыңыз: Петропавлдық еріктілер су тасқынынан зардап шеккендерге жадынамалар таратып жүр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x