Петропавлда тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға жаңа баспананың кілті табысталды

Петропавлда тасқыннан үйлері жарамсыз болып қалған тұрғындарға жаңа баспаналардың  кілті табысталды. Алғашқы 53 үйдің  тұрғындарын қоныстоймен СҚО облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен «Қазақстан халқына» қоры төрағасының орынбасары Ляззат Шыңғысбаева құттықтады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бүгіннен бастап Петропавлдағы бұрынғы Солнечный-2 шағын ауданының атауы ресми түрде Бірлік ауданы болып ауыстырылды. Естеріңізге сала кетейік, бұл шағын ауданда тасқын судан зардап шеккендер үшін  700 баспана салынып жатыр.  Алғашқы 100 үйдің құрылысы 24 сәуір күні басталып еді. Бүгін алғашқы  53 үйдің кілті тұрғындарға табысталды. Жаңа баспана иелерін облыс әкімі Ғ. Нұрмұхамбетов құттықтап, күні-түні баспана салуға ат салысқан құрылысшыларға алғыс білдіріп, олардың бірқатарын алғыс хатпен марапаттады.

Петропавлда тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға жаңа баспананың кілті табысталды

Петропавлда тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға жаңа баспананың кілті табысталды

«Бүгін қуанышты күн. Тасқыннан зардап шеккен тұрғындардың алғашқы легі жаңа қонысқа ие болады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай жаңа үйлер салынуда. Қаржы бөлген демеушілерге және тез арада баспананы тұрғызуға ат салысқан құрылысшыларға алғыс айтамын. Зардап шеккендерге жамандықтың бәрі артта қалып, жаңа үйде тек береке мен бақыт орнасын деп тілейміен.  Қоныс құтты болсын», — деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Жаңа Бірлік шағын ауданында салынып жатқан 200 үйдің  құрылысына «Қазақстан халқына» қорынан 5 млрд-қа жуық қаржы бөлінген. Айта кетейік, аталмыш қор еліміздің 6 облысында баспана салу жұмыстарын қаржыландырған. Бүгін қоныстой иелерін қор төрағасының орынбасарыда құттықтап, ізгі ниетін білдірді.

Петропавлда тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға жаңа баспананың кілті табысталды

«Су апаты болғанда біз осы өңірге келіп облыс әкімімен бірлесе сапалы әрі жақсы үй болуы керек екенін жоспарлаған болатынбыз. Алғаш осы жерге келгенде ештеңе жоқ тек кең дала болып тұр еді. Бүгін көріп өте қуанып тұрмын. СҚО-да тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға ел бойынша алғашқы үйлер беріліп жатыр. Енді қалған баспаналардың да құрылысы тез арада аяқталып, барлық өңір тұрғыны баспаналы болса екен деп тілейміз. Жаңа үйлеріңіз тек бақытқа толы болсын», — деді «Қазақстан халқына» қоры төрағасының орынбасары Ляззат Шыңғысбаева.

Петропавлда тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға жаңа баспананың кілті табысталды

Жаңа баспанаға ие болғандардың бірі – Нұрсұлу Мырзахметова. Ол Петропавлдағы Тухачевский 49 мекенжайы бойынша 6 жылдан астам уақыт тұрып келген. Алайда, тасқын су салдарынан баспанасы тұруға жарамсыз деп танылыпты. Нұрсұлу ұлы екеуі бау-бақшамен айналысқанды жақсы көретін болғандықтан, ойланбастан Бірлік шағын ауданындағы жер үйлерді таңдапты.

Петропавлда тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға жаңа баспананың кілті табысталды

Петропавлда тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға жаңа баспананың кілті табысталды

«Өте қуанып тұрмын, ризамын. Барлық көмектескен адамдарға алғыс айтамын. Жаңа үйіміз өте кең екен. Тіпті үйімізге қажетті тұрмыстық техникаларды да әкеліп, орнатып берді. Барлығы көңілімізден шықты. Екі балам, немереміз бар», — деді қала тұрғыны Нұрсұлу Мырзахметова.

Петропавлда тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға жаңа баспананың кілті табысталды

Тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға бұл күні баспана кілтімен бірге үйлеріне арналған жиһаздарға да арнайы сертификат берілді.

Тағы оқыңыз:Петропавлда азаматтық некедегі әйелін балағаттаған ер адам сотталды

 

 

 

 

 

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x