Петропавлда тасқынының шарықтау шегі 28–30 сәуір аралығында күтілуде. Бұл туралы әкімдік отырысында СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов хабарлады, деп жазады Qazaqstan Media.

Облыс әкімінің айтуынша, биыл Сергеев су қоймасында алғаш рет үшінші толқын байқалуда. Петропавлда тасқынның шарықтау шегі 28–30 сәуірде күтілуде.

Қазір су Заречный кенті мен Речпорт маңындағы саяжай учаскелеріне жайылған. Бұл саяжайларда тұрғындар жоқ, ТЖД мен полиция бекеттері қойылды.

Ойқала мен Былғары кентіндегі, Қызылжар ауданының Тепличное және Прибрежное ауылдарында жағдай ерекше бақылауда. 

«Су тасқыны толық аяқталғанға дейін жағдайды тұрақты бақылауда ұстаймыз. Басты басымдық — азаматтардың өмірі мен мүлкін сақтау. Барлық қызметтер жоғары дайындықта болып,  жедел әрекет ету керек», — деді өңір басшысы.

 Тағы оқыңыз: СҚО мұғалімдеріне іссапар шығындары төленбеген

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *