Петропавлда студенттер теңіз балдырынан тағамдық қаптама жасап шығарды

Петропавлдағы Kozybayev University ғалымдары теңіздің қызыл балдырларынан жасалған тағамдық қаптама жасап шығарды. Ол үшін 1,3 млн теңге грант жеңіп алған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жоба атауы – «Каппа-каррагинанды қолдану арқылы биологиялық ыдырайтын тағамдық қаптама өндіру технологиясын әзірлеу» деп аталады. Экология үшін маңызды жобаны жүзеге асыруға Аризона университетімен халықаралық білім беру бағдарламасы бойынша оқып жатқан студенттер де  қатысуда. Оларға жасыл зерттеу инновациялық жобаларды қолдайтын Sustainability Living Lab бағдарламасы көмектескен. Осылайша, университет National Conservation Initiative корпоративтік қорынан және Назарбаев университетінен 1,3 млн теңге грант алыпты. Ақшаға  табиғи қаптаманы өндіруге мүмкіндік беретін жабдықтар мен материалдарды сатып алған.

«Каррагинан дегеніміз – теңіздің қызыл балдырлары экстракциясынан алынған табиғи гель. Қарапайым тілмен айтқанда теңіздің қызыл балдырларынан жасалған тағамдық қаптама. Бұл экология үшін өте маңызды жоба. Біз тәжірибелік зерттеулерден кейін құрамын жасап шықтық. Мұндай табиғи қаптаманы сусымалы, құрғақ және басқа да тамақ өнімдерін орауға, қаптауға болады. Қазіргі қолданыстағы целлофан қаптамалардан ерекшелігі – ол суда жарты сағат ішінде толығымен ыдырап кетеді және экологиялық таза. Азық-түлікке әсер етпейді», – дейді университеттің аға оқытушысы Елена Иль.

 

 

Алдағы уақытта жоба авторлары өндіріс технологиясын жетілдіріп, қаптаманың беріктігін арттырмақ. Сонымен қатар әзірлемеге патент алуды жоспарлап отыр.

Тағы оқыңыз: СҚО-да өрттен 73 жастағы әйел қаза тапты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x