25 мамыр күні кешкі уақытта Петропавлда қайғылы жол-көлік оқиғасы болды. Сағат 20:16 шамасында Потанин көшесінде 24 жастағы Porsche Cayenne жүргізушісі кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Полиция мәліметінше, жол апатынан 12 жастағы қыз оқиға орнында көз жұмды. Қазір аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Мамандар жол-көлік оқиғасының нақты себептері мен мән-жайын анықтауда.

Қайғылы жағдай қала тұрғындарын дүр сілкіндірді. Әсіресе, жазғы демалыс қарсаңында балалардың көшеде көп жүретінін ескерсек, бұл оқиға жүргізушілерге де, ата-аналарға да үлкен ескерту болып отыр.

Полиция департаменті барлық жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды. Жүргізушілерден жылдамдықты асырмау, жаяу жүргіншілер өткелдеріне жақындағанда барынша абай болу және жол ережесін мүлтіксіз орындау талап етіледі.

Ата-аналарға да балаларымен жол қауіпсіздігі туралы жиі сөйлесіп, көшеден өту тәртібін еске салып отыру маңызды. Бір сәттік салғырттық орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін.

Тағы оқыңыз: Петропавлда бір мектептің 11 түлегі — «Алтын белгіге» үміткер

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *