18 наурыз күні Петропавл полицейлері  56 жастағы азаматтың насыбайды заңсыз сатқанын анықтады. Тәртіп сақшылары қала тұрғынынан 142 оралған шегілмейтін темекі өнімін тапқан, деп хабарлайды Qazaqstan Media  тілшісі.

Заңсыз насыбай сатқан келіншекке қатысты ҚР ӘҚБтК «Тауарлар мен басқа заттарды заңсыз сату» 196 бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалып, 25 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Осындай шегілмейтін темекі өнімдерін сату фактілерін анықтау мақсатында Петропавлда «Насыбай» республикалық жедел-профилактикалық шарасы басталды.

«Профилактикалық шара аясында қалалық полиция басқармасының қызметкерлерімен тыйым салынған орындарда шылым емес темекі өнімдерін заңсыз сату мен тарату фактілерін анықтау бойынша әкімшілік учаскелерде рейдтік шаралар жүргізілуде. Іс-шара 31 наурызға дейін жалғасатын болады», -делінген ПД таратқан хабарламада

Тағы оқыңыз:Қазақстан бақытты елдердің арасында 49-шы орында

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x