Петропавлда “Шексіз өнер” шығармашылық фестивалі өтті. 120ға жуық мүмкіндігі шектеулі жанның басын қосқан шара 6 аталым бойынша ұйымдастырылған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

“Шексіз өнер” облыстық фестивалі өңірде жыл сайын ұйымдастырылады. Биыл байқауға қатысушылардың жас ерекшелігіне шектеу қойылмаған.

«Байқау 6 аталым бойынша өтті. Сайысқа қатысушылардың ең жасы 7-де ғана болса, үлкені 30жастан асқан азамат. Біздің көздегеніміз де осы. Яғни, жасына қарамастан барлығын біріктіріп, олардың талантын өзгелерге таныту. Мүмкіндігі шектеулі жандардың да сахнаға шығып, өнерін көрсетуіне жағдай жасағымыз келеді», дейді “Ардос-Жүрек” мүгедектер бірлестігінің директоры Ақжан Кәрім.

Петропавлда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған “Шексіз өнер” фестивалі өтті

Облыстық “Шексіз өнер” шығармашылық фестиваліне 120ға жуық адам қатысты. Алдымен келушілердің назарына шағын көрме ұсынылды. Бұл жерде жұртшылық мүмкіндігі шектеулі жандардың қолынан шыққан туындыларды тамашалап, өз бағаларын берді. Көрмеге өз туындысын ұсынғандардың біріМарат Ғабдуллин. Ол кішкентайынан сурет салғанды ұнатады. Ал жарты жыл бұрын портрет салуды үйренген.

«Портрет салуды өзім үшін үйрендім. Бұрыннан қызығатынмын. “Бизнес бастау” бағдарламасы арқылы грант жеңіп алдым. Кейінен қажетті құрал-жабдықтар сатып алып, ақырындап бастап, үйреніп кеттім. Бір портретті толығымен аяқтауым үшін 1 апта уақытым кетеді», дейді фестиваль қатысушысы Марат Ғабдуллин.

Фестивальде жүлделі орын иеленгендерге бағалы сыйлықтар мен диплом табысталады.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x