Ибраева Екатерина Валерьевна ұстаздар әулетінің үшінші ұрпағы. Ата-анасының жолын қуып ол 12-ші жыл қатарынан мұғалім боп істеп келеді. Жалпы бұл әулеттің ұстаздық еңбек өтілі 650 жыл, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Отбасының 23 бірдей өкілі өмірін ұстаздыққа арнаған. Бәрінің еңбек өтілін қосқанда шамамен  650 жыл шығады. Әулеттің негізін қалаушы-Екатеринаның әжесі-Лукьянченко Екатерина Федоровна, ол 37 жыл бойы Уткин орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болды. Ұстаздар әулетінде орыс тілі мен әдебиеті, биология және жағрафия, тарих, физика, дене шынықтыру мұғалімдері, бастауыш сынып мұғалімдері, тіпті мектеп директорлары бар.

«Бала кезден мұғалім болатынымды білгем. Басқа амалды өзім де, отбасым да қарастырған емес. Ата-анам өмірлерін мектепке, ұстаздыққа арнады.Кішкентайымнан  олардың өз ісіне деген құштарлығын көрдім. Өздерінің шәкірттері туралы қаншалықты білетініне таң қалдым. Өз ісін соншалықты жақсы көретін адамдарды әлі күнге дейін көрген емеспін. Ата-анам сияқтаы осындай қуанышты мен де  бастан өткергім келді», – дейді Екатерина Ибраева.

Ең көбі еңбек өтілі тәтесі Лукьянченко Татьяна Алексеевнада.  Ол 47 жыл бойы Искровка негізгі мектебінде бастауыш сыныптарға сабақ берді.

Петропавлда еңбек өтілі 650жылды құрайтын ұстаздар әулеті бар

Екатерина Валерьевна да бастауыш сынып мұғалімі.

«Мен өзімнің кәсіби қызметімде әжем мен ата-анамның кеңестерін, қағидаларын ұстануға тырысамын. Сабақты қызықты етуге тырысамын, оқытудың бірегей әдістерін, әртүрлі ойын түрлерін қосамын. Балалардың қызығушылығын ояту үшін іс-шаралар өткіземін.Мен бұл мамандықты таңдағаныма ешқашан өкінген емеспін!»- дейді Екатерина Валерьевна

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x