Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  бірнеше қылмыс жасаған Григорий Агаев пен оның төрт сыбайласына қатысты  үкім шығарылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жасөспірімдерге ұрлық, бұзақылық және билік өкіліне күш қолданды деген айып тағылған болатын. Айыпталушылардың бірі –  Темірлан Тұңқатаров ұрлық және бұзақылық, ал Тимур Мельников, Алексей Рудницкий және Николай Гуденков ұрлық бабы бойынша сотталды.

2023 жылдың қазаны мен қараша айларында Агаев, Рудницкий және Мельников бірнеше ұрлық жасаған. Олар Magnum Cash Carry, FamilyMarket, Sportmaster және HipShop дүкендерінің тауарларын қолды қылған.

Сонымен қатар, өткен жылдың 23 қазанында Агаев облыстық балалар ауруханасына барып дәрігерлерге шабуыл жасаған. Ол медицина қызметкерлерін тапаншамен қорқытқан. Кейін оның ойыншық екені анықталды. Айта кету керек, айыпталушы Агаевтың бұл балалар ауруханасында жасаған  алғашқы бұзақылық фактісі емес.

2023 жылдың 4 қарашасында Агаев сыбайласы Тұңқатаровпен бірге Петропавл қаласындағы Назарбаев көшесі, 211 мекенжайында кетіп  бара жатқан адамды соққыға жығып, денсаулығына зиян келтірген.

«2023 жылдың 21 қарашасында Сейфуллин көшесіндегі №60 үйдің қасында айыпталушы Агаев қоғамдық тәртіпті бұзып, дәрет сындырған.Оны көріп қала тұрғыны  ескерту жасайды. Ал Агаев оған дөрекілік танытып, жамбасы мен білегіне пышақ сұғып, денсаулығына зиян келтірген. Сонымен қатар, 2023 жылдың 27 қарашасында Агаев Горький көшесі, 209а мекенжайы бойынша орналасқан сот ғимаратынан тергеу изоляторына бармай қашпақшы болған. Ол облыстық полиция департаменті взводының қызметкерінің бетінен басымен ұрған», – деді облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сот шешімімен бірнеше қылмыстық іс жасаған Григорий Агаев үш жылға бас бостандығынан айырылды. Жасөспірім жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі кәмелетке толмаған қылмыскерлерге арналған мекемеде өтейтін болады.

Темірлан Тұңқатаровқа үш жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау жүргізілмек.

Тимур Мельников екі жыл, Николай Гуденков бір жыл төрт ай, Алексей Рудницкий бір жыл шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар, сотталушылар Magnum Cash Carry мен «СпортМастерКазахстан» ЖШС материалдық шығынын өтемек.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тағы оқыңыз:Елімізде мамыр айында әскери шеру болмайды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x