Петропавлдың 24 жастағы тұрғыны екі аялдаманы қиратып кеткен. Енді ол 15 тәулікке қамалуы мүмкін,  деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Полиция басқармасына 31 наурыз күні таңертең Н. Назарбаев көшесінде қызыл түсті сырт киім киген  белгісіз ер адам аялдама павильонының шыныларын сындырғаны туралы хабарлама келіп түскен. Бейнебақылау инспекторлары осы ауданда жаяу жүргіншінің белгілеріне ұқсас адамды іздей бастайды.Көп ұзамай патрульдік полиция батальонының экипажы Н. Назарбаев пен К. Сүтішев көшелерінің қиылысында ер адамды ұстады. Ал ол полицейлер келгенге дейін бірнеше секунд бұрын екінші  аялдаманың шынысын  да зақымдап үлгерген.

«Ұсталған ер адам Петропавл қаласының тұрғыны болып шықты. Ол мас күйде болған. Бұндай әрекетті көңіл-күйі болмағандықтан жасағанын айтты. Полицейлер әкімшілік материал жинап, шешім қабылдау үшін мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберді. Құқық бұзушы айыппұл төлеуі немесе бестен он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алынуы мүмкін», – делінген полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тағы оқыңыз:СҚО-ға түркістандық құтқарушылар көмекке келеді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x