Петропавлда бау-бақшаны суару үшін енді есептегіш құралдарын орнату керек

Петропавлда бау-бақшаны суару талаптары өзгерді. Енді жеке үйде тұратын азаматтар бау-бақшаны суару үшін бөлек есептегіш құралын орнату керек, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бау-бақшасы бар азаматтар енді жазғы суару жүйесін пайдалана алмайды. Ол үшін есептегіш құрал орнату қажет. Әзірге, бұл жаңашылдық тек жеке сектор тұрғындарына ғана қатысты. Саяжайшыларды не күтіп тұрғаны белгісіз. Сондықтан қаланы сумен қамтамасыз етіп отырған компания өкілдері петропавлдықтарға ертерек есептегіш құралдарын орнатуға кеңес береді.

«Бұрын бау-бақшаны суару үшін көпшілік жазғы суқұбырын қосатын. Сосын суды оңды-солды төгіп, үнемдемейтін еді. Енді есептегіш құрал орнатып, келісімшартқа қол қояды. Сосын барып қана, суды пайадалана алады. Президент таза ауыз суды үнемдеу керек деген тапсырма берген болатын. Осыған орай   өзгерістер енгізіліп жатыр», – деп түсіндірді «Қызылжар су» ЖШС атқарушы директоры Арман Сауытов.

Қазір Петропавлда 17 мыңға жуық жер үй бар. Оған саяжайларды қоссақ, 20 мыңнан асып жығылады. Көбі жазғы суқұбырын қосып, әр соттық жер үшін суару маусымында 852 теңге төлеп келген еді. Енді  есептегіш құралын орнатқандар судың әр текше метрі үшін 95 теңге төлейтін болады.

Тағы оқыңыз: Петропавлдық келіншек мультфильм жасап шығарды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x