Петропавлда балабақша салу үшін Үкіметтен екі млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Президент тапсырмасын орындау аясында мемлекетке заңсыз жолмен алынған активтерді қайтару есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру жалғасуда. Үкімет Петропавлда 280 орындық балабақша салу үшін Арнаулы мемлекеттік қордан 2 млрд теңгеден астам қаражат бөлу туралы шешім қабылдады, деп жазады Qazaqstan Media.

Нысан қазіргі таңда белсенді салынып жатқан «Жас Өркен» шағын ауданында орналасады. Қазір онда бала саны 100% толы мектепке дейінгі үш мекеме жұмыс істейді.

«Жергілікті атқарушы органдар халық тығыз қоныстанған әрі тез өсіп келе жатқан «Жас Өркен» шағын ауданында жас балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз ету міндетін қойып отыр. Бүгінгі таңда осы шағын ауданда 280 орындық балабақшаның құрылысы басталды. Жаңа үйлер салынуына байланысты, жас отбасылар қоныстанып, ауыл тұрғындары қалаға көшіп келуде. Сол себепті мәселе осылай шешіліп жатыр», — деп атап өтті СҚО Білім басқармасының басшысы Айнагүл Сұрағанова.

Балабақша құрылысы мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығын азайтып, балаларға сапалы білім берудің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Петропавлда мектепке дейінгі ұйымдарға орналасуға шамамен үш мың бала кезекте тұр, олардың жартысы екі жастан алты жасқа дейінгі балалар.

Тағы оқыңыз: Петропавлда «Тұзақ» сериалының көрсетілімі болды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *