Петропавлда тапа тал түсте автокөлік аялдамаға соғылып, 5 адам зардап шекті. Оқиға қаланың орталық көшесінде орын алған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Тайга» базарының алдында орын алды. Жамбыл көшесі бойымен қозғалып келе жатқан «Honda Fit» маркалы машина жолаушылар тасымалдайтын «Lifan» маршруттық автобусымен соқтығысқан. Нәтижесінде, жеңіл автокөлікті басқарған 45 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аялдамада тұрған адамдарды қағып кетті. Зардап шеккен үш тұрғын емдеу мекемелеріне жеткізілді. Бірінің жағдайы ауыр. Ол көпбейінді ауруханада жатыр.

«Әйелдің бас сүйегі сынып, миына зақым келген. Тағы бір петропавлдықтың жіліншігі сынған. Ал, ауруханаға жеткізілген үшінші тұрғынның миы шайқалған. Апат салдарынан зардап шеккен өзге 2 адам дәрігерлік тексерістен бас тартты», – делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Жүргізушілер бірден медициналық тексеруден өтті. Екеуінің де мас емес екендігі анықталған. Қазір  көлік құралдары арнайы айып тұрағына қойылды. Аталған факті ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тексеріс жүргізіледі.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x